Қосымшаны жүктеу

Кіру

Пайдалану шарттары

ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

І. Жалпы ережелер
1.1. Transport-almaty.kz порталы (әрі қарай – Портал) бейне, сурет және мәтіндік материалдардың, сонымен қатар, басқа аудио-визуалды түрдегі мәліметтер жинағы болып табылады.
1.2. Порталды пайдаланудың осы Шарттары (әрі қарай – Шарттар) Transport-almaty.kz порталының редакциясы (әрі қарай – Редакция) мен жеке тұлға (әрі қарай – Пайдаланушы) арасында, Портал ресурстарын пайдалану бойынша, қарым қатынастарын реттейді.
1.3. Портал тіркелген және тіркелмеген пайдаланушыларға бейне фильм, Transport-almaty.kz порталындағы мәтіндік материалдар мен басқа ақпараттарды оқуға мүмкіндік береді.
1.4. Барлық пайдаланушылар Портал материалдарын тегін қолдана алады. Тегін құқық айдаланушыларға бейне материалдарды қарауға, Transport-almaty.kz порталындағы мәтіндік материлдарды оқуға, комментарий қалдырып, сұрақ қойып, сонымен ұатар, сайттың басқа мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.
1.5. Редакция, алдын ала ескертусіз, кез келген кезде, қызмет көрсетуді (немесе олардың бөліктерін) өзгертіп, тоқтатуға (уақытша немесе толық) құқылы. Тіркелген пайдаланушыларға сайт мінтеттерінің кез келген және оның пайдалану шарттарына байланысты хабарламалар жәберіліп тұрады.

ІІ. Пайдаланушылардың мәртебесі мен олардан түсетін ақпараттардың модерациясы

2.1. Порталға кірушінің тіркелген немее тіркелмеген Пайдаланушы мәртебесі болу мүмкін.

2.2. Тіркелмеген Пайдаланушыға қарағанда, тіркелген Пайдаланушының келесі мүмкіндіктері бар:
- Портал жаңалықтары бойынша таратылым алу;
- Портал Редакциясы мен жоба зерттеушілеріне сұрақ қою;
- бейнесюжеттер мен мәтіндік материалдарға комментарий қалдыру;
- Transport-almaty.kz сайтында көрсетілген материалдың өосымшалары немесе өзгерістерін (сарапшының сұрақтарына берілген жауаптары туралы ақпаратты қоса), сонымен қатар, осы құжаттың өзгерістерін қабылдау;
- Порталға орнату үшін, ресурс тақырыбына сәйкес, кез келген түрде, жеке материалдарды ұсыну.

2.3. Transport-almaty.kz сайтында есеп жазбасын тіркеген кезде, Пайдаланушы Тіркеу Формасында ұсынылғансұрақтар бойынша, өзі туралы нақты ақпарат беруге және оны тиісті қалыпта қолдауды міндеттенеді.

2.4. Пайдаланушы өз жеке мәліметтерін кез келген кезде өзгертуге құқылы.

2.5. Пайдаланушы Transport-almaty.kz сайтынан қажетті жағдайда өз есеп жазбасын жоя алады. Ол үшін, тіркелген кезде көрсеткен жеке электронды поштасынан Редакцияға хат жолдайды.

2.6. Егер Transport-almaty.kz сайтының Редакциясында Пайдаланушы берген ақпарат расталмады деген негіз болса, ол ресурстың қосымша мүмкіндіктерін пайдалана алмайды.

2.7. Пайдаланушы сарапшыларға комментарийлар мен сұрақтарын жіне Пайдаланушының сұрақтарына жауаптарын Порталға орнату үшін келесі шарттарды қабылдайды:
- әр комментарий мен сұрақ міндетті модерациядан өткеннен кейін ғана Порталдың тиісті тармағында жарияланады;
- Пайдаланушы Редакцияға комментарий немесе сұрағын жіберген кезде оның комментариі мен сұрағына жауабы Порталдығ барлық Пайдаланушыларына қолжетімді болатынымен келіседі;
- тіркелген Пайдаланушының сұрағына жауап сайтқа орнатылған кезде, Пайдаланушы тіркелген кезде көрсеткен электронды поштасына хабарлама келеді;
- жариялануға Порталдың тақырыбына қатысты сұрақтар ғана қабылданады. Редакция сарапшыларға өз сұрақтарын жібергеннен бұрын Порталдың пайдаланушыларына «Тақырыптар» және «Сұрақ-жауаптар» бөлімдерімен танысуды ұсынады.

2.8. Порталға пайдаланушылардан түсетін барлық мәліметтер көлемін модератор тексеретіні туралы Пайдаланушы хабалданған. Портал Редакциясы Пайдаланушының материалдарын келесі себептер бойынша жарияламайды:
- егер материалдар осы ресурстың тақырыбына, сонымен қатар, қоғамда қабылданған этикалық нормаларға сай келмесе;
- егер материалдар жеке өмірдің құқығын, жариялау құқығын, авторлік құқығын, интеллектуалды жеке құқығын жіне кез келген тұлғаның басқа құқықтарын бұзса;
- егер ақпарат заңсыз болса, зиянды, қауіпті, басқа адамның анонимдігін бұзса (басқа адамның рұқсатысыз мекенжайын, телефон нөмірін және басқа байланыс мәліметтерін), раса аралық қатынасын;
- егер ақпарат патенттер құқығын, сауда маркаларын, коммерциялыұ құпиясын, кез келген тұлғаның авторлік және басқа құқықтарын бұзса;
- егер ақпаратта жарнамалық материалдар, «спам» және электронды пошта арқылы көп санда жіберілетін басқа материалдар болса, сонымен қатар, кез келген қызметтер ұсынылса;
- егер ақпаратта вирустар немесе басқа компьютерлік кодтар болса, бұзышылықтарды құруға және бағдарламалық қамсыздандыру мен компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтарды бұзуға арналған бағдарламалар болса;
- егер ақпарат Transport-almaty.kz сайтының жұмысына, осы сайтпен байланысты серверлер мен желілерге кедергі болса;
- егер ақпарат жергілікті, аймақтық, мемлекеттік немесе халықаралық заңнамаларды немесе заңды күші бар басқа қкімдерді әдейі немесе байқаусыздан бұзса.

2.9. Портал респонденті (сұхбат берген сарапшы, Порталда жарияланған әңгіме) өзі туралы (немесе өзі өкіл болған ұйым) аұпаратты қосуға, сайттағы материалдың кез келген нақтылықтарын енгізуге құқылы.

ІІІ. Конфиденциялдық пен авторлік құқық

3.1. Пайдаланушы Порталдың мәліметтерін тек Редакциямен алдын ала жазбаша келісілгеннен кейін және міндетті түрде transport-almaty.kz сайтына сілтеме жасай отырып, көшіре алады. Сонымен қатар, Пайдаланушы Порталдың мәліметтері мен қызметтерін сатпауға міндетті.

3.2. Пайдаланушы Порталға өзі туралы ақпаратты шектеулі түрде ғана беріп, қандай көлемде беруге өзі шешді.

3.3. Құпиялықты сақтау үшін, Пайдаланушы Порталға өзіне қолайсыз ақпаратты беруге міндетті емес. Тіркелген Пайдаланушы мәртебесі беретін саттың қосымша мүмкіндіктерін пайдалануды Пайдаланушы өзі шешді.

3.3. Портал Пайдаланушысы өз комментарийлары мен сұрақтарында басқа сайттар мен интернет-ресурстарға сілтеме жасай алады, дегенмен Редакция ол ресурстардың ақпараттарын әрі қарай қолдануына жауапты емес.

3.4. Тіркелген пайдаланушылар материалдарын Transport-almaty.kz сайтында жариялаған кезде авторлік құқық бұзылғаны үшін редакция жауапты емес.

ІҮ. Портал жауапкершілігінің шектелуі

4.1. Жарияланған бейне және мәтіндік материалдарда тәкелей ұсыныстар мен ашық жарнамалар болмау тиіс. Сонымен, сайттың әр пайдаланушысы түрлі қаржылыұ сұрақтар мен әрекеттеріне байланысты өзі қабыдаған шешімдерге жеке жауапкершілік артады.

4.2. Пайдаланушы Transport-almaty.kz Порталына шағымдар мен талаптарды қоймауға келесі жағдайларда міндеттенеді:
- Пайдаланушы немесе оның қатысуымен Transport-almaty.kz сайттығ қызметтерін заңсыз түрде қолдануы;
- Пайдаланушының кез келген әрекеттері арқасында қаржылық, инвестициялық шығын шықса (Редакция шығын м.мкіндігі туралы алдын ала ескертілген жағдайда да), табысын, оң мінездемесін, мәліметтерін жоғалтса, Transport-almaty.kzсайттығ қолдауымен қосымша материалдық және материалдық емес тауарлар мен қызметтерді сатып алуды жұмсалған шығынды, мәліметтерге заңсыз кіру, оларды өзгертіп біреуге жіберу; Transport-almaty.kzсайттың қызметтерімен пайдаланатын үшінші жақтардың мінез-құлықтары мен арыздарын және сайт қызметтеріне қатысты басқа жағдайларды;
- сонымен қатар, осы Шарттардың № 1 пунктінде көрсетілген мақсаттарға сәйкес емес, Порталдың ақпараттарын басқа жағдайларда пайдаланған кезде. Пайдаланушы кез келген мәліметтерді жоғалтқаны үшін немесе ол материалдарды салған кезде компьютерге заұым келтіргені үшін жауапты.

Ү қорытынды ережелер

5.1. Тіркелген пайдаланушы кез келген материалын жариялауға келісімін бермеген жағдайда, өз пікірін, ұсынысын немесе талаптарын Редакцияның электронды мекенжайына жіберуге құқылы. Редакция түскен қсынысты мұқият қарастырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, шешім қабылдайды. Осы нормалар Редакция байқайсыздан біреудің авторлік құқығын бұзған кезде де қолданылады.

5.2. Порталға сайттың тақырыбына сай жарнама ғана орнатылады.

5.3. Осы Шарттар Пайдаланушыларды алдын ала ескертпей-ақ, өзгертіледі. Пайдаланушы осы құжаттардың өзгеру мүмкіндігін тексеруге жауапты. Редакция тіркелген пайдаланушыларды Шарттардың барлық өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

5.4. Осы Шарттармен реттелмеген барлық сұрақтар ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.

Мінез сынаптарға тиым салынған