Қосымшаны жүктеу

Кіру

Порталды қалай пайдалану керек

Порталды қалай пайдалану керек

Біздің порталда сурет немесе бейне өтініш қалдырғыңыз келсе  - жоғарыдағы менюдан «сурет өтінішті қалдыру»  немесе «бейне өтінішті қалдыру» қосымша бетті таңдап алып «хабарлама жазу» терезесін ашасыз.

«Өтінішті құру» бетінде, өз өтінішіңіздің мәтіннің тақырыбын енгізтесіз. Тақырып мәтіннің басты мағынасын сипаттау керек– біздің жағдайда Алматы қаласы, қоғамдық көліктер жұмысы туралы .

«Мазмұны» деген бетте өтініштің мәтіні тақырыбы жазылады –  өтініштің, проблеманың, шешілуге ұсынылған проблемалардың  мәні-мағынасы анық және қысқаша жазылу керек.

Сіз, сонымен қатар өзіңіздің   өтінішіңізде сіздің проблемаңызға тікелей қатысты жерді  қала картасында «белгілеу» таңбасында белгілеп қоюыңызға болады. Ол үшін мазмұны жазылған сызықтың төменгі жағында  «Картаны көрсету» сілтемесін басуыңыз керек. 

Картада қажетті орынды белгілеу  екі тәсілмен жүргізіледі.

1. Картадан белгілеу қызыл таңбашаны тиісті нүктеге қолмен жылжыту арқылы белгілеу,  карта көлемін (+ немесе – ) басқару түймесімен өзгерете аласыз.  Немесе компьютердің басқару тышқаны пернесін айналдыру арқылы.

2. «Мекен-жай» бетінде  тиісті мекен-жайды жазасыз.  Артынан «координатты алу» түймесін басасыз, сол кезде карта  автоматты түрде көрсетілген мекен-жайға ауысады.  Егерде белгі тура түспесе, онда бәрін  қолмен қайта бастап қайталайсыз. 

з>

Біткеннен кейін, »Өтінішке қартаны бекіту» белгісін қоюды ұмытпаңыз.  Әйтпесе  картада белгіленген жер сақталмай қалады.

Енді  өтінішіңіздің түріне байланысты, өтінішке қосымша бекітілетін фото немесе бейне  файлды таңдайсыз.

«Файлдарды жүктеу» алаңында  «шолу»  түймесін таңдайсыз да өзіңіздің компьютеріңіздегі тиісті файлды таңдап жібересіз.

 Егерде, сіз  бірнеше файл қыстырып жібермек   болсаңыз, файл таңдау тор көзін ашатын  «+ файлды қосу» сілтемесінен бастауыңыз керек.

 Суреттен мәтін енгізту кезінде роботтардан қорғанудан өту қажет. Егерде қорғану мәтіні түсініксіз болса, онда сіз жаңалау түймесінен бастауыңыз қажет, бұл кезде мәтіннің жаңа  варианты пайда болады.  Дыбысты тексеру үшін «дауысты тексеру» кнопкасына басу керек.

Өтініштерді сақтау және жіберу үшін »Өтінішті құру» түймесін басу керек. Қорытынды бойынша Жүйе тиісті хабарлама жібереді.

Сіздің өтінішіңіз Порталда модератор мен  Администратордың тексеруінен кейін шығады  деген.