Қосымшаны жүктеу

Кіру

2013 жылы ақпан айындағы қала тұрғындарымен есептік кездесудегі Алматы қаласы әкімінің баяндамасынан

«2013 жылы экологиялық таза электр көлігін дамытуға басым көңіл бөлінеді.

Метро әрі қарай дамытылады. Ағымдағы жылы – «Москва» және «Сайран» екі жаңа станцияларының құрылысы аяқталады. Бұл жер асты көлігін қаланың тыныш аудандарына жақындата түседі.

Жеңіл рельсті көлік жүргізу – жедел тармвайдың заманауи баламасы жобасы бойынша жұмыс жасалуда.

Троллейбустар паркін кеңейтеміз. 195 сатып алынды, олардың 100 қала ішінде жүруде. Осылайша олардың паркі 2,5 есеге ұлғаяды.

1 жартыжылдықта трамвай паркі жаңартылады.

Қалада 200 жеңіл көлік пайда болады – газбен жүретін такси. Олар бәсекелестік ортасын туындатып, жолаушыларға қызмет көрсеті мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын арттыруы тиіс.

Қалалық авобустардың жылжымалы құрамын жаңғырту көзделіп отыр.

Екі жыл бұрын табиғи газбен жұмыс жасаушы бірінші муниципалды автобус паркі құрылған. Ол өзін жақсы көрсете білді және қоғамдық көлік сапасында жаңа стандарттарды енгізді.

Біз газбен жұмыс жасайтын 400 жаңа автобус сатып ала отырып, жаңа парк ашуды жоспарлап отырмыз.

Осылайша қала қоғамдық көлік жүйесін қалпына келтіреді!

Негізгі кіру жолдарында автостанциялардың құрылысы көлік моделін жетілдірудегі маңызды элемент болады. Олардың әрқайсысы 5000 автомобиль тұрақтауына мүмкіндік береді. Сырттан келген автомобилшілерге көліктерін тұраққа қойып қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру мүмкіндігі туындайды.

Жолда тәртіп сақтау, өткізу қабілетін арттыруға автокөліктерді Алматының магистралдарында тұрақтауына тиым салу септігін тигізеді.

Абай дағылынан бастайық. Содан кейін Абылай хан, Райымбек, Достық, Сейфуллин, Желтоқсан даңғылдары, Төле би және Тимирязев көшелері.  

Абай даңғылы мен Солтүстік айналымда киім-кешек базарының аумағында қоғамдық көлік үшін арнайы жол пайда болады. 

Алматылықтар мен қала қонақтарының қажеттіліктерін ескере отырып, жедел түрде әуежайдан Алматының орталығына автобус бағыты ұйымдастырылады. Бұл бағытта жұмыс жасау мақсатында 10 ыңғайлы автобустар алынып жатыр.   

Сонымен қатар демалыс күндері Орталық-Медеу жедел бағыттарын жүргізу жоспарланып отыр.

Халықаралық кеңесшілермен ынтамақтастық орнату кезінде «Билеттендірудің электрондық жүйесін қалпытастыру» жобасы жүзеге асырылуда.

Ол құрамында билеттерді тарату, жол ақысын жинау, жол ақысын бақылау мен мониторингілеу, жолаушыларды ақпараттандыру сияқты жүйелері бар интеграциялық жүйені енгізуді көздейді.

Қауіпсіздікті арттыру үшін жер асты және жер үсті өткелдерін арттыру көзделіп отыр.

2012 жылы 7 жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Қазіргі таңда 9-ның құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар тағы 16 өткелдер құрылысы басталады. Олар Райымбек, Рысқұлов, Әл-Фараби даңғылдары, Саин, Шаляпин көшелері, Солтүстік айналым жолы сияқты көпшілікті қалалық магистралдарды қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған жобалар тиісті қаржымен негізделген.

Алматы халқы мен экологиясы үшін көліктің ерекше өзектілігін ескере отырып, 2013 жылды Қоғамдық көлікті дамыту жылы деп жариялауды ұсынамын.»

Мінез сынаптарға тиым салынған