Қосымшаны жүктеу

Кіру

Құрметті алматылықтар!

Дамыған қоғамдық көлік қазіргі күні заманауи мегаполистің бірден-бір белгісі болып табылады.        

Қазақстаның ірі қаласы Алматыда 1869 бірлік қоғамдық көлік қызмет көрсететін 110 бағыт бар. Бұдан басқа, қалада Жолаушылар көлігі басқармасымен шарттық қатынасы бар 15 таксопарк жұмыс істейді.

2010 жылға дейін қоғамдық көліктің барлық жүйесі Алматы қаласында жекеменшікте болды. Бірақ өткен ғасырдың 90-шы жылдары орын алған осы схема не тасымалдау сапасының, не қауіпсіздік талаптарының қазіргі талаптарына сәйкес келмеді. 2008 жылы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов көлік компанияларының иелерінен жұмысты жаңғыртуды талап етті. Алайда жекеменшік тұлғалар осы міндетті орындай алмады. Сондықтан да 2010 жылы қала әкімдігі бірінші муниципалдық автобус паркін құру туралы шешім қабылдады. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен ол газбен жұмыс істейтін 200 ыңғайлы автобуспен жарақтандырылды. Олар жұмыста жақсы қырынан көрінді. Жылдың соңына дейін қалада екінші   муниципалдық парк ашылады, бұған газбен жұмыс істейтін тағы 400 автобус сатып алынады.

Электр көлігі де белсене дамып келеді. Өткен жылы әкімдік 195 жаңа троллейбус сатып алды. Алматылық ескірген трамвайларды ауыстыратын жеңіл-рельсті көлік (ЖРК) енгізу басымдық міндет болып қала бермек. Осы жобамен жұмыс ЕҚҚДБ-мен бірлесіп жүргізілуде.

Біздің метрополитеннің де болашағы жарқын. 2011 жылғы желтоқсанда Мемлекет Басшысы оны іске қосты. Қазір күн сайынғы жолаушылар ағыны 23 мыңға өсті. «Сайран» және «Мәскеу» атты екі жаңа бекетті іске қоссақ, осы көрсеткіш тағы өседі, өйткені жатын шағынаудандардан өтеді.

Әкімдік газбен жүретін 200 таксиді сатып алатын муниципалдық таксопарк ашу жоспарланған, ол бәсекелесті ортаны қалыптастырады және жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттырады.

Дамыған және заманауи қоғамдық көлік – бұл экология мәселесі де. Биліктің міндеті – алматылықтардың автобустарды, метроны және троллейбустарды таңдауы үшін  жағдай жасау, өйткені атмосфераға 80%-ға дейінгі зиянды заттектер көліктерден шығады. Сатып алынатын муниципалдық автобустарға, троллейбустарға және таксиге қойылатын басты талап – қоршаған ортаға зиянсыздық. Бағыттарға қызмет көрсету құқығын беруге тендерлер өткізу кезінде газбен жүретін автобустарға басымдық беріледі.

Мамандарды оқытуға да көп көңіл бөлінеді. Жақын арада автобустар жүргізушілерге арналған арнайы курстар құрылатын болады.

Құрметті қала тұрғындары, осы сайттан Сіздер Алматы қаласының жолаушылар көлігінің жүйесі туралы кез келген ақпаратты таба аласыз. Олар бағыттар тізімі, тасымалдау ережесі,  автобус парктері басшыларының телефондары және т.б. Бұдан басқа, егер Сіз тасымалдау ережесін бұзған деректердің куәгері болсаңыз және оларды жазып алсаңыз, онда суреттер мен бейнематериалдарды арнайы бөлімге жібере аласыз. Оларды біз қараймыз және тиісті шара қолданамыз.

 

Талғат Әбдірахманов

Алматы қаласы

Жолаушылар көлігі

 басқармасының басшысы